“Өзбек құрылысшыларын жалдаймын”: Шымкент тұрғыны алаяққа 9 млн теңгесін берген
Жарияланған күні:
"Өзбекстаннан құрылысшыларды жалдап беремін" деп шымкенттік азаматты алдаған алаяқ 9 миллион теңгені иемденіп кеткен деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданады.
Ол өз арызында танысы Өзбекстан Республикасынан құрылыс жұмыстарын жасайтын адамдарды жалдап беремін деп сеніміне кіріп, 9 млн. теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943401-ozbek-qurylyssylaryn-zaldaimyn-symkent-turgyny-alayaqqa-9-mln-tengesin-bergen/