Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артқы аяғымен паралич секілді тұра алмайды": Ақтөбе мен Қостанай облысында ірі қара жаппай ауырып жатыр

Жарияланған күні:

Сиыр
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе мен Қостанай облысындағы ауылдарда ірі қара арасында белгісіз індет тарауда. Олардың арасында өлгендері де бар, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ақтөбе облысы Бестамақ ауылының тұрғыны Ахмадин Мұқашов біраздан бері малын өріске жібермей, қорада бағып отыр. Көршісінің сиыры ауырған соң сақтанып, өз малының аузын тұзбен жуып, екпе салдырған. Бірақ оның пайдасы болмады дейді. Бір-екі күннен кейін сиырлары жем жемей, су ішуден қалған.

Тұрғындар бастапқыда бұл ауруды аусыл деп топшылаған. Алайда тексеріс нәтижесінде аусыл емес ринотрахеит деген басқа инфекциясы болып шыққан.

"Осы айдың үші күні Қатпар деген шаруа қожалығынан бір бас ауырып, содан сынама ретінде қанын, сілекейін алып, астанаға лабораторияға жібердік. 8 қараша күні қортындысы келді, бірақ ол аусыл емес, ринотрахеит деп келді", – дейді ауылдың мал дәрігері Түгелбай Қаюпов.

Бестамақ ауылынан бөлек, Есет батыр, Қатпар ауылдарында да ірі қара малдан ринотрахеит инфекциясы табылған. Алты мал арам қатқан.

"Ринотрахеит инфекциясымен, аузынан сілекейі ағып, жатып қалған 6 мал бас тіркелді. Бірақ, жаппай мал қырылып жатқан фактілер жоқ", – дейді Алға ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Ермағанбетов.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, ауданда 8 мың бас ірі қара малға шұғыл ринотрахеит инфекциясына қарсы вакцина салынған. Бірақ ауылдар карантинге жабылмайды.

Телеарнаның хабарлауынша, Қостанай облысы Жангелдин ауданында да белгісіз мал ауруы тараған.

Мәселен, Қарақоға ауылындағы қожалықтардың бірінде 4 сиыр арам өлген. Белгісіз дерт басқаларына да жұғып жатқан көрінеді.

"Біреуінде жаппай 400 бастай, біреуінде 50 бас ауырып тұр. Біздің ауыл орталығында жеке адамдардың малдары ауырып тұр. 15-20 шақты үйдің. Бір табын. Барлығына стоматит деп диагноз қойды. Ауыздарынан сілекей ағып тұр. Бірақ оларда шығын болған жоқ", – дейді шаруа Нұрсұлтан Садық.

Оның сөзінше, ауырған малдарда құтыру белгілері бар, өйткені адамға атылады.

Қостанай облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекеттің айтуынша, қазір малдар бақылауға алынып, қандай індет екені анықталып жатыр.

"4 бас осыдан біраз уақыт бұрын өлген. Оны малшылар да мал иелері де байқамаған. Ол көп жатып қалғандықтан материал алуға келмей қалған. 3 бас мал ауырып тұр. Олардың енді белгілерін анықтап қарадық. Артқы аяғымен паралич секілді тұра алмайды. Сондай бір белгілер бар. Енді ол қазіргі жағдайда түсініксіздеу болып тұр. Соған қарамастан малдар бақылауға алынды. Ем-дом жасалып жатыр", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943419-artqy-ayaqtaryna-paralic-sekildi-tura-almaidy-aqtobe-men-qostanai-oblysynda-iri-qara-zappai-auyryp-zatyr/