Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы да бақытқа лайық": Шиелі тумасы Кореяда тұрмыс құрған қазақ қыздарының көптігін айтты

Жарияланған күні:

Шиелі тумасы Назым кореялық күйеуімен
Шиелі тумасы Назым кореялық күйеуімен: https://www.instagram.com/_nazym_korea_/

Оңтүстік Корея азаматына тұрмысқа шығып, бүгінде сол елде тұрып жатқан шиелілік Назым есімді келіншек әлеуметтік желіге отбасылық өмірі және Кореядағы тұрмыс туралы жиі жариялайды. Кезекті жазбаларының бірінде ол қазақ қыздарының өзге ұлт азаматтарымен көңіл қосуына қатысты ойымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Дайректке хат көп келеді. Көпшілігі: «Назым, сенен басқа да кәрістерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздары көп екен ғой» деп жатады. Шынында да, Кореяда тұрмысқа шыққан, сіздер білмейтін қазақ қыздары көп. Барлығы да бақытты болуға лайықты.

Өзім Кореяда тұрып тұрмысқа шыққан қыздарды сырттарынан танығанмен, араласып, кездесіп көрмеппін. Тек жаныма жақын тартып, Жансаяны ғана үйге шақырдым. Өте күшті қыз, кішкентай болса да бір отбасына ұйытқы болып, шамын жағып отыр. Аяулы ана, аяулы жар.

Негізі, сіздің ойыңыз қандай? Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын қолдайсыз ба?

Егер қызыңыз шетел азаматына тұрмысқа шығамын десе қалай қарайсыз, келісім бересіз бе?", - деп жазды ол.

Бұл мәселеге қатысты пікір жазушылар екіге бөлінген. Бірі қазақ қыздарының қандай ұлт өкіліне тұрмысқа шықса да, бақытты болғанын тілейді.

Ал екінші топ қазақ қыздарының шетел азаматына тұрмысқа шыққанын қолдамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943463-barlygy-da-baqytqa-laiyq-sieli-tumasy-koreyada-turmys-qurgan-qazaq-qyzdarynyn-koptigin-aitty/