RU

Қолдарында таяқ бар: ШҚО-дағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Төбелес
Видеодан кадр: instagram.com/go_semey

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлардан бір топ адамды байқауға болады, кейбірінің қолында таяқ бар. Аталған бейнежазбаға қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео кадрларынан бір топ адамның түнде көшеде жанжал шығарғанын аңғаруға болады. Олардың кейбірі қолына таяқ ұстап жүр.

"Шарда не болып жатыр?",- деп сұрады желі қолданушылары.

Оқиғаға қатысты ШҚО полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство 23 қараша күні аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293- бабы 2- бөлігіне сәйкес (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

"Дене жарақаты мен залал келтіру туралы арыз түскен жоқ. Қылмыстық істі тергеу мен істің мән-жайын бақылау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды",- деді ШҚО ПД.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943647-qoldarynda-tayaq-bar-sqo-dagy-zappai-tobeles-videoga-tusip-qaldy/