Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда лира құлдырағаннан кейін халық жаппай наразылығын білдіруде (видео)

Жарияланған күні:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: youtube.com/Smi)Le

Түрік лирасының рекордтық құлдырауынан кейін Түркияның ірі қалалары – Стамбұл мен Анкарада жаппай тәртіпсіздіктер мен ауқымды наразылықтар басталды. Халық үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде.

Сейсенбі, 23 қарашада түрік лирасы антирекордын жаңартып, бір доллар үшін 11,37-ден 13,21 лираға төмендеді.

РИА Новости қаржылық сарапшыларға сілтеме жасап хабарлауынша, бұл лираның соңғы 20 жылдағы қатты құлдырауы.

Сарапшылар ұлттық валютаның құлдырау себебін Түркия Орталық банкінің мөлшерлемені 16 пайыздан 15-ке дейін төмендету туралы шешімі, сондай-ақ ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның көрсеткішті одан әрі төмендетуді жақтауы деп санайды.

EADaily басылымының хабарлауынша, Ердоған жоғары көрсеткіштер инфляцияға ықпал етеді деген көзқарасты ұстанады. Ол бұған дейін Түркияның инфляцияны бәсеңдету үшін жоғары қарыз шығындары мен күшті валютаға негізделген ескі саясаттарынан бас тартқанын, оның орнына инвестиция, экспорт және жұмыс орындарын құруға басымдық беретін "жаңа жүйеге" көшкенін айтқан.

Бұл ретте басқа елдердің орталық банктері ақша-несие саясатын қатаңдату туралы айтуда, өйткені әлемдік экономиканың қалпына келуі бағаның өсуіне ықпал етеді.

Ал түрік қаржы реттеушісінің негізгі пайыздық мөлшерлемені 4 пайызға дейін төмендету туралы шешімі қыркүйектен бастап (19-дан 15%-ға дейін) нарықтарды дүр сілкіндіріп, Ердоған үкіметінің қаржы саясаты құбылмалы болып бара жатқанына шағымданған инвесторлардың көңілін қалдырған.

Сарапшылар, сондай-ақ мөлшерлеменің төмендеуі бағаның тұрақсыз болуына, экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздыққа әкеледі деп есептейді.

Осының барлығы Анкара мен Стамбұлда халықтың жаппай наразылық білдіруіне себеп болып отыр. Шерушілер үкіметтің отставкаға, ал Әділет және даму партиясының биліктен кетуін талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943710-turkiyada-lira-quldyragannan-keiin-xalyq-zappai-narazylygyn-bildirude-video/