Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаматтарға арналған үкімет" алаяқтармен күресудің жаңа тәсілін тапты

Жарияланған күні:

Иллюстративное фото
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезіндегі талаптардың қатаңдатылуына қарамастан, интернетте жүргізуші куәлігін ақылы түрде алуға көмектесу туралы хабарландырулар әлі де бар.

29 қазанда ОКҚ брифингінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин журналистерге елордалық мамандандырылған ХҚО-лардың бірінде жүргізуші куәлігін «сатып алуға» болатынына көз жеткізгенін айтты. Бірнеше күннен кейін министр эксперименттің видеосын жариялады, онда ол жүргізуші куәлігін бөгде азаматтардан ақшаға сатып алған.

Алаяқтардың әрекетімен күресу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» таяуда жүргізуші куәлігін алу кезінде тапсырылатын теориялық емтихан барысында арнайы биометриялық жүйені енгізгенін хабарлады. Бұл емтихан алушының жеке басын тануға мүмкіндік береді және тестілеу кезінде аудиторияда кездейсоқтық тәсілімен отырғызады. Әр компьютердің жанынан камералар орнатылады.

Мамандандырылған ХҚО-ларда анықталған жағдайлардан кейін емтихан тапсыру кезіндегі бақылау күшейтілді. Бірақ соған қарамастан, интернетте белгілі бір сомаға жүргізуші куәлігіне емтихандарды тапсыруға көмектесуге уәде беретін көптеген жарнама бар. Көп жағдайда бұл қызметі үшін ақша алғаннан кейін жоғалып кететін алаяқтардың әрекеті, бұл ретте олардың сөзіне алдану фактілері де жиіледі.

«Біз күн сайын әлеуметтік желілерде мониторинг жасап, заңға қайшы келетін контенті бар аккаунттарды анықтаймыз. Мониторингтен кейін біз осындай аккаунттар мен хабарландырулардың тізімін жасап, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің техникалық қолдау қызметіне осы аккаунттарды бұғаттау туралы сұрау жолдаймыз. Сондай-ақ біз бұл ақпаратты құзыретті органдарға береміз. Біз OLX сияқты платформалармен тығыз қарым-қатынастамыз, олар да осы мазмұндағы ақпаратты жойып, хабарландыру иесін бұғаттайды», - дейді түсініктеме берген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Алаяқтармен күрес туралы танымал OLX жарнама платформасының өкілдері де айтып берді.

«Біз үшін сауда-саттықтың қауіпсіз болуы – басым бағыттардың бірі. Біз қауіпсіздік пен модерацияны бақылайтын арнайы құрылым құрдық. OLX Қазақстан командасы пайдаланушылар арасында, сондай-ақ хабарландырулар және сервистегі алаяқтықты бақылауға, алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталған бірқатар күнделікті техникалық, ақпараттық және әкімшілік іс-шараларды жүргізеді. Техникалық іс-шаралардан біз машиналық оқытуға негізделген бағдарламалық шешімдерді, үш кезеңдік модерацияны, сондай-ақ алаяқтарды автоматты түрде анықтауға бағытталған техникалық компоненттерді үнемі күшейтіп отырамыз. Орта есеппен айына 1 млн-нан астам хабарландыру модерациядан өтеді, олардың шамамен 4%-ын автоматты модерация кезеңінде сервис бұғаттайды», – деді модерация және клиенттердің қауіпсіздігі бағытының жетекшісі Данара Масирбаева.

Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» хабарлағандай, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚО-да практикалық емтихан тапсыру кезінде пайдаланылған ескірген жабдықтарды ауыстыру жүріп жатыр. Клиенттердің сәтсіз емтихандарының салдарынан арнайы сенсорлар жиі істен шығады және оларды әрдайым жөндеу мүмкіндігі болмайды.

Жаңа заманауи жүйеде мұндай проблема болмайды. Жабдықтың ауыстырылуына байланысты елордалық мамандандырылған ХҚО-да практикалық емтихан тапсыру уақытша тоқтатылды. Бірақ автодромның тоқтап қалуына байланысты практикалық емтихан мерзімін өткізіп алғандар үшін барлығы жаңартылғаннан кейін қайта емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943719-azamattarga-arnalgan-ukimet-alayaqtarmen-kuresudin-zana-tasilin-tapty/