24 адамның аты Қазақстан: Ел тұрғындары балаларына қандай ерекше есім қояды
Жарияланған күні:
Елімізде Қазақстан деген есім қойылған 24 азамат тұрады. Одан бөлек, балаларын өзге қалалардың құрметіне атаған тұрғындар да жетерлік, деп хабарлайды Ranking.kz.
2021 жылдың 18 қарашасындағы мәлімет бойынша елімізде Қазақстанмен аттас 24 адам өмір сүреді.
Атап айтқанда, Ақмола облысы мен елордада 6, Қарағанды облысында 4, Қостанай облысында 3, Шымкентте 2, Батыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарында Қазақстан есімді бір-бір азаматтан бар.
Одан бөлек, ел тұрғындары балаларының есімін ірі қалалардың құрметіне де қоятын болып шықты. Мәселен, елімізде 28 адамға Семей деген ат қойылса, 21 азаматтың есімі Алматы. Сондай-ақ, 18 тұрғынның есімі Түркістан екен.
Сонымен бірге, Қазақстанда:
- Атырау есімді 15;
- Тараз есімді 14;
- Қостанай есімді 12;
- Ақтау есімді 11;
- Нұр-Сұлтан есімді 10;
- Шымкент есімді 3;
- Ақтөбе есімді 1;
- Талдықорған есімді 1 азамат тұрады.
Айта кетсек, 2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша елімізде халық саны 19,1 млн. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,3 пайызға өскен.
Тұрғындардың басым көпшілігі - 2,1 млн адам Алматы облысында тұрады. Түркістан облысында да 2,1 млн тұрғын бар. Алғашқы үштікті Алматы қаласы қорытындылайды, мегаполисте 2 млн адам өмір сүреді.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 539,4 мың адам тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943760-elimizde-qazaqstan-esimdi-24-azamat-bar/