Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арон Атабектің өліміне қатысты Алматы қалалық ДСБ және МКО мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Арон Атабек
Арон Атабек. Фото: bureau.kz

Арон Атабектің (Едігеев) өліміне қатысты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен "Медициналық көмек орталығының" дәрігерлері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Медициналық көмек орталығы" ЖШС өкілдері Facebook желісінде хабарлағандай, Арон Атабектің (Едігеев) өліміне асистолия түрі бойынша қан айналымының тоқтап қалуы себеп болған.

"Науқас 1953 жылы туған А.Едігеев "МКО" ЖШС-нің жансақтау бөліміне 14 қазан күні таңертең ауыр халде, "аса ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы" диагнозымен түсті. 5 қазан күні түсірілген КТ бойынша, өкпенің 40 пайызының екіжақты зақымдануы анықталды. Түскен кезде қанның оттегімен қанығуы 79 пайызды құрады. Оттегі қосылғаннан кейін қанығу қалыпты деңгейге, яғни 93-96 пайызға дейін көтерілді.

Науқастың жағдайы 5-14 қазан аралығында жеке тұлғалардың үй жағдайында қабылдаған емі Қазақстанда қабылданған COVID-19 диагностикасы мен емдеу хаттамасын бұза отырып жүргізілгенін көрсетті. Мұны "МКО" ЖШС-не қабылдау кезінде алынған талдаулардың нәтижелері растайды: лейкоцитоз және С-реактивті ақуыздың жоғарылауы (қабыну процесі), цитолиз (бауыр жасушаларының бұзылуы), Д-димер (қанның ұюы) және т.с.с.

COVID-19 диагностикасы мен емдеу хаттамасына сәйкес құрсақ қуысының, жүректің, аяқ-қол қантамырларының ультрадыбыстық зерттеуін, ЭКГ-ны жүргізу қажет. Алайда науқас А.Едігеев бұл диагностикалық шаралардан бас тартқандықтан, қосымша емдік шараларды тағайындау мүмкін болмады. Бұл туралы оның жақын туыстары хабардар етті", – делінген орталық хабарламасында.

Дәрігерлер осыған байланысты науқастың жағдайы лезде нашарлай бастағанын атап өтті.

"20 қазан күні кешке науқастың тыныс алу және жүрек соғу жиілігінің күрт төмендеп, қандағы оттегі деңгейі 48%-ға түсіп, жағдайы нашарлап, комаға түсті. Осыған байланысты науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Бас дәрігердің, реаниматологтардың, профессорлардың, невропатологтардың, инфекционисттердің, пульмонологтардың, кардиологтардың қатысуымен бірнеше кеңес өткізілді.

Өкпенің ұзақ жасанды желдету бойынша тыныс алуды қолдау қажеттілігіне байланысты 27 қазанда трахеостомиялық түтік орнатылды. Науқастың жағдайы келесі күнге дейін тұрақтанды.

28 қазанда неврологиялық белгілердің өршуіне байланысты невропатолог шақырылды. "Орталық жүйке жүйесінің интоксикациясы. Ковид инфекциясы. Бульбар синдромы. Жатыр мойны деңгейіндегі жұлынның демиелинизациялық ауруы. Спастикалық тетрапарез диагнозы қойылды. Орталық жүйке жүйесіне ісінуге қарсы терапия ұсынылды", – деп хабарлады "МКО".

Орталық дәрігерлерінің айтуынша, 4 қарашадан бастап Арон Атабектің жағдайы жақсарып, комадан шыға бастаған, бірақ жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен гемодинамикасы тұрақсыз болған.

Оған қоса, Орталық дәрігерлерінің мәліметінше:

  • 13 қарашада науқас тыныс алу жеткіліксіздігінің күшеюіне байланысты жасанды желдету аппаратына ауыстырылған.
  • Науқасқа бірнеше рет санациялық фибробронхоскопия жасалған (09.11; 12.11; 20.11; 23.11)
  • Науқастағы жатыр мойны деңгейіндегі жұлынның демиелинизациялық ауруы, жамбас мүшелерінің кешіктірілген дисфункциясымен, терең тетрапарезбен, тыныс алу жеткіліксіздігінің жүйке-бұлшықеттік түрімен, гипостатикалық екі жақты пневмонияның тыныс алу жеткіліксіздігінің 3 дәрежесімен бұзылған. Көп мөлшерде іріңді қақырық бөлінген.
  • 23 қарашада науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болып, өміріне қауіп төнген.

"24 қараша күні сағат 16:30-да науқастың асистолия түрі бойынша қан айналымы тоқтап қалды. "МКО" ЖШС дәрігерлері 40 минут бойы барлық емдік-реанимациялық шараларды жүргізді, нәтиже бермеді, жүрек жұмысын қалпына келтіру мүмкін болмады. 24 қараша сағат 20:45-те биологиялық өлім тіркелді", – дейді "Медициналық көмек орталығының" дәрігерлері.

Арон Атабектің өліміне Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында да пікір білдірді.

"Бұған дейін "МКО" ЖШС өкілдері хабарлағандай, олардың ауруханасында ем алған А.Едігеев асистолия түрі бойынша қан айналымының тоқтап қалуынан қайтыс болды. Осыған байланысты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Ағымдағы жылдың 5 қазанында медициналық бригада тексеріп, КТ-да "Аса ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы" диагнозы расталғаннан кейін А. Едігеев ауруханаға жатудан бас тартты. Одан кейін жекеменшік емдеу мекемесінде емделген. Сонымен қатар, №17 қалалық емхананың мобильді бригадасының білікті медициналық көмегінен бас тартқаны жайлы құжат бар.

Кейін, 14 қазанда А. Едігеев "Аса ауыр коронавирус инфекциясы" диагнозымен ауыр халде "МКО" ЖШС жансақтау бөліміне түсті.

А. Едігеева "МКО" ЖШС емханасына түскен сәттен бастап қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық бригадамен тұрақты байланыста болды, қажетті консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті", – дейді ведомстовдан.

Еске сала кетейік, 24 қарашада ақын Арон Атабектің (Едігеев) қайтыс болғанын қарындасы Рәзия Нұтышева хабарлаған болатын.

Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943806-aron-atabektin-olimine-qatysty-almaty-qalalyq-dsb-zane-mko-malimdeme-zasady/