Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер Нұр-Сұлтанда толассыз жауып тұрған қардың қашан тоқтайтынын болжады (фото, видео)

Опубликовано:

Елорда
Фото: instagram.com/akimat_nur_sultan

"Қазгидромет" РМК өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында толассыз жауып тұрған қардың қашан тоқтайтынын болжады.

Синоптиктердің мәліметінше, елордада тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түскен.

"Қарашаның 24-і және 25-не қараған түні Нұр-Сұлтан қаласына 25 мм жауын-шашын түсті. Қардың қалыңдығы 28 см құрады. Жалпы елордада қараша айындағы жауын-шашын нормасы — 28 мм болатын.

Осылайша, бір күнде еліміздің бас қаласына бір айлық жауын-шашын түсіп отыр. Қардың жаууы әлі де жалғасатын болады. Гидрометорталықтың болжамы бойынша сағат 16.00-де тоқтайды", - дейді Қазгидромет" РМК өкілдері.

Метеорологтардың дерегінше, жалпы қарашаның 1-25 аралығында елордаға 45,1 мм жауын-шашын түскен. Бұл норманың екі есе асып кеткенін көрсетеді.

Айта кетсек, бұған дейін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 20-дан астам әуе рейсі кейінге шегерілген болатын.

Сондай-ақ, оқушылардың сабағы қашықтан өтіп жатыр. Көшелерді қардан тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілсе де, қар тазалайтын көліктер ақ ұлпаны тазалап үлгере алмауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943872-sinoptikter-nur-sultanda-tolassyz-zauyp-turgan-qardyn-qasan-toqtaiynyn-aitty-foto-video/

pixel