Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

боран11
Көрнекі фото: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялануына байланысты азаматтарға үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегінше, "Қазгидромет" РМК 25 қарашада еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялаған:

  • Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр.
  • Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.
  • Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік бөлігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с.
  • Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі.
  • Батыс Қазақстан облысының жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
  • Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
  • Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
  • Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с күтіледі.
  • Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
  • Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Түнде таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, таулы аудандарда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

"Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ  орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!  

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды", - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ министрлік заматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға, дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943912-elimizdin-13-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy-tzm-turgyndarga-undeu-zasady/