Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Қазақстанда сән-салтанатқа салық салу мәселесін тағы қозғады

Жарияланған күні:

Депутат
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан үкіметі байлыққа салық салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы сенат отырысында қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

25 қараша күні сенат Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарастырды. Сұрақ-жауап барысында депутат Мұрат Бақтиярұлы байлыққа салық салу мәселесін тағы қозғады.

Айтуынша, сән-салтанат салығы көптеген елде бар.

"Бұл жерде қымбат элиталы жылжымайтын мүліктер, ұшақтар, яхталар, қымбат автокөліктер, зергерлік бұйымдар сияқты сән-салтанатқа салық енгізу елде салық салудың әділетті жүйесін қалыптастырады деп ойлаймын. Осыдан бір жыл бұрын бұл сұрақты ұлттық экономика министрлігіне қойған кезде олар осы бағытта жұмыс істейміз деген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, мына Салық кодексінен мұны көріп тұрған жоқпыз. Осыған байланысты екі министрліктің (ұлттық экономика және қаржы министрліктері – ред) пікірі қандай?", - деп сұрады Мұрат Бақтиярұлы.

Сенатордың сауалына қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жауап берді.

"Біз оған (сән-салтанатқа – ред) салықты қарастырып жатырмыз. Бизнеспен ақылдасып жатырмыз. Келесі жылы үкімет жобасымен енгізіледі", - деп қысқа қайырды шенеунік.

2020 жылы сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы елде байлық салығын енгізуді ұсынған еді. Депутаттың пікірінше, ауқатты қазақстандықтар халық алдында әлеуметтік жауапкершілік алып, өз байлығын елдің дамуына бағыттауға тиіс.

Сол кездегі ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкіметтің байлыққа салық енгізу жоспары бар екенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943937-deputat-qazaqstanda-san-saltanatqa-salyq-salu-maselesin-tagy-qozgady/