Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда етті тиімді бағаға қайдан сатып алуға болады

Жарияланған күні:

Ет1
Көрнекі фото: piqsels.com

Елімізде ет бағасы шарықтап барады. Әсіресе соғым науқаны басталғалы базарларда сиыр еті мен қой етінің құны аспандап тұр. Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері 11 пайызға дейін өскен. Шаруалар мұндай қымбатшылықты жем-шөп бағасының өсуімен байланыстырып отыр. Осы ретте Алматы қаласының әкімдігі базарлар мен сауда орындарында әлеуметтік сату орындарын ашуда, деп хабарлайды, Алматы телеарнасы.

Айдос Бақытбаев – ет саудасымен айналысып жүрген жас кәсіпкер. Жергілікті қала әкімдігінің қолдауымен базарлардан сату орындарын тегін алған. Сәйкесінше, көпшілікке ұсынатын өнімі де әлдеқайда арзан. Мәселен, халық көп тұтынатын сиыр етінің бағасы мұнда – 2050 теңге. Бұл негізгі нарықтан 20 пайызға төмен. 

"Біз Орбитадағы базарда әр жұма сайын азық-түлік өнімдерін тегін таратамыз. Картоп, сәбіз, пияз деген сияқты азық-түліктер бар. Онда зейнеткерлер де, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар да, бәрі бар", – дейді Айдос Бақытбеков.

Дәл қазір мұндай әлеуметтік сауда орындары қаладағы Орбита базары мен Розыбакиев көшесі бойындағы Жұлдыз базарында бар. Қалалық әкімдік бұл әдіс өз тиімділігін көрсетсе, алдағы уақытта барлық сауда орындары мен базарларда ашуды жоспарлап отыр.

"Базарлардан 2700-2800 теңгеден алып жүргенбіз. Қазір міне, шағын орталық ашылып жатыр екен. Бағалары жақсы, антрекотты 2100-2050 теңгеден көрдім", – дейді қала тұрғыны Нұрлыбек Жабаев.

Қала бойынша азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға тамақ өнеркәсібін өндіретін алыс-жақын елдімекендермен ұзақ мерзімге дейін келісімшарт жасалған. Нәтижесінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы өспей, тұрақты сақталады.  

"Біз осындай әлеуметтік сату орындарын ашу арқылы қымбат сатып тұрған басқа да саудагерлермен бәсеке орнатқымыз келеді. Төмен баға бар жерде сұраныс та көп болады. Тұтынушылардың көпшілігі әлеуметтік сату орындарына барса, басқа да саудагерлер ет құнын төмендетеді ме деген сенім бар", – деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек.

Айта кетейік алдағы сенбі 27 қараша күні Алматыда азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Онда құны 175 млн теңге болатын 455 тоннадан астам тауар түрлері қойылмақ.

Көпшілікке ұсынылатын азық-түлік нарықтағы бағадан 20 пайызға дейін төмен саудаланады.

Жәрмеңке Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысындағы Астана алаңында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943966-almatyda-etti-tiimdi-bagaga-qaidan-satyp-aluga-bolady/