COVID-19: Вакцина салдарынан ондаған кәсіби спортшының қайтыс болғаны рас па
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде қолданушылар коронавирусқа қарсы вакцинация салдарынан ондаған кәсіби спортшының қайтыс болғаны туралы ақпарат таратып жатыр. Сондай-ақ, БАҚ қорқынышты статистиканы әдейі жарияламайды екен. Беделді басылымдарда мұндай оқиғалар туралы хабарламалар жоқ, өйткені бұл жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Пайдаланушылар кәсіби спортшылардың кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлай отырып, NewsTarget.com порталына сүйенеді. Бұл сайт сенімді ақпарат көзі емес, өйткені ол негізінен тексерілмеген деректерді, қастандық теорияларын және псевдоғылыми мақалалар жариялайды. NewsTarget.com порталында шығатын жаңалықтардың шынайылығы расталмайды.
Порталда жарияланған ондаған адам өлімі туралы ақпарат та жалған. Мысалы, қайтыс болған кәсіби спортшылар тізімінде сұлулық байқауының қатысушысы әрі модель Лайла да Коста, сондай-ақ футбол командасында ойнаған, бірақ ағаш ұстасы болып жұмысқа орналасып, бұл мансаптан бас тартқан Джордан Такер де бар.
Модель де, ағаш ұстасы да қайтыс болған кезде кәсіби спортшылар болмағаны анық. Сонымен қатар, олардың өлімінің себептері белгісіз, сондықтан оны COVID-19 қарсы вакцинациясымен байланыстыру дұрыс емес. Тексерудің алдын ала нәтижелері Лайла да Костаның ауырғанын көрсетті. Джордан Такер қайтыс болғаннан кейін оның достары Twitter-де жариялаған ақпараттар оның соңғы кездері денсаулығы сыр бергенін жазған.
Вакцинациядан қаза тапқан спортшылар тізімінде шабандоз Том Гринвей де бар. Алайда, басылым бірнеше жыл бұрын Гринвейдің мойнын үш жерде сындырғаны туралы жазбайды, дәрігерлер жокейді ауыр жарақаттан айығып кетуін таң қаларлық жағдай деп атады. Гринвейге ат жарысына қатысуға тыйым салынды, бірақ ол саналы түрде дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспай, мансабын жалғастырды. Содан бері Гринвейдің денсаулығымен проблемалар болғаны белгілі. Сондай-ақ, оның өлімі мен COVID-19 қарсы вакцинациялаудың арасында ешқандай байланыс жоқ екенін дәрігерлер анықтаған жоқ.
Вакцинация "құрбандары" тізіміндегі тағы бір есім – Лекси Риггл. Ол Ганновер колледжінің жоғарғы курс студенті болған және баскетбол командасында ойнаған. Оның өлімінің себептері белгісіз, ал аутопсия нәтижелері көпшілікке жария етілмеді. Демек, қыз COVID-19 қарсы екпе салдарынан қайтыс болды деп айтуға негіз жоқ.
Тізімде 46 жастағы бодибилдер Шон Роден де бар. Оның өлімін вакцинаның жанама әсерлерімен байланыстырған NwesTarget басылымы өлімге әкелуі ықтимал тағы бір айқын себепті айтпайды. БАҚ-тың хабарлауынша, Роден алкогольге тәуелді болған кезеңді бастан өткерді, сонымен қатар бұлшықет массасын өсіруге және жарыстарда үнемі жоғары нәтиже көрсетуге көмектесетін стероидтар, гормондар мен басқа да препараттар қабылдаған болуы мүмкін.
Мақалада келтірілген тізімде басқа да есімдер бар, бірақ бұл жағдайлардың ешқайсысы COVID-19 қарсы егілумен байланысты емес. Көп жағдайда өлім себептері белгісіз, ал аутопсия нәтижелері мен медициналық тұжырымдар жарияланбаған.
Демек, вакцинацияланған қайтыс болған ондаған спортшы туралы ақпарат жалған. Жоғарыда келтірілген тізімде салыстырмалы түрде белгілі адамдардың кенеттен қайтыс болуы көрсетілген, алайда бұл жағдайлардың ешқайсысында COVID-19 қарсы вакцинациямен байланыс орнатылмаған. Сондай-ақ, дереккөз тізімдегі адамдардың кейбіреулерінің жарақат алғанын, тәуелді болғанын және ауырғанын айтпайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944471-covid-19-vakcina-saldarynan-ondagan-kasibi-sportsynyn-qaitys-bolgany-ras-pa/