Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жыл жүрдік": Сәкен Бибосыновтың болашақ жарының кім екені белгілі болды (фото)

Жарияланған күні:

Сәкен Бибосынов
Фото: Ашық дереккөз

Бокстан әлем чемпионы әрі олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов болашақ жарын желтоқсанның 10-ы күні ұзатып алып, 13-інде үйлену тойын Шымкентте өткізетінін хабарлады, деп жазады Express Qazaqstan.

Оның болашақ жарының есімі Назира.

"Медицина колледжінде оқиды. Өзімнен екі жас кіші. 1999 жылы дүниеге келген. Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының Амангелді ауылынан. Руы - Шымыр. Екеуміздің қыз бен жігіт болып кездесіп жүргенімізге 5 жыл болды. Жеке өмірімді жасырып жүрдім (күліп — ред). Үйлену тойым бұйыртса Шымкентте өтеді", -деді былғары қолғап шебері.

Сонымен қатар, Сәкен Бибосынов Түркістан облысынан берілуі тиіс пәтердің кілті әлі қолына түспегенін жеткізді.

"Беріледі деген. Бірақ әлі хабар жоқ. Алмадым пәтерді", - деп ағынан жарылды ол.

Айта кетейік, осыған дейін Сәкен Бибосынов келесі айдың басында шаңырақ көтеретінін мәлімдеген болатын.

"Әке-шешеме, бауырларымның жағдайын жасауым керек. Егер артылып жатса мұқтаж жандарға көмектесуге дайынмын. Алдағы жоспарымның бірі - үйленіп, отбасылы болу. Келесі айдың басында той болады бұйырса.

Сол тойға дайындалуым керек. Шымкенттің қызы. Келесі жылы Азия ойындары, одан кейін 2023 жылы әлем біріншілігі. Соған дайындық жұмыстарын бастаймыз. Менің мақсатым - 2024-те Олимпиада чемпионы атанып, еліме алтын сыйлау", - деген еді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944489-bes-zyl-zurdik-saken-bibosynovtyn-bolasaq-zarynyn-kim-ekeni-belgili-boldy-foto/