Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда клиенттерге өзін сайт арқылы жарнамалаған 16 жезөкше ұсталды

Жарияланған күні:

Қыздар
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында жүргізілген "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 16 жезөкше есепке қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу кезінде Қылмыстық кодекстің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша бір факті анықталған.

Одан бөлек, Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 24 адамға, 450-бабы (Көрнеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайларын ұсыну) бойынша бір адамға қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданған.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысатын адамдар жиналатын жерлер, интернет-сайттар мен жарнамалық хабарландырулар тексеріліп, ғаламтор желісіндіге сайт бойынша тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде, жыныстық қызмет көрсетуге анкеталық жарнама берген 16 жезөкше қыз анықталып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, барлығы есепке қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944647-atyrauda-klientterge-ozin-sait-arqyly-zarnamalagan-16-zezokse-ustaldy-video/