Мобильді аударымдарға салық салу: Қаржы министрлігі түсініктеме берді
Жарияланған күні:
Қазір желіде жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалар, яғни, такси жүргізушілері мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақша алып жатқаны туралы ақпарат тарауда. Аталған мәселеге қатысты қаржы министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл орайда салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын /кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден/ бөлуге арналған.
Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды.
"Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз. Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ.
2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Сондықтан, жеке аударымдарға салық салынбайды. Ал егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, салық салу бойынша өзіңізге ыңғайлы режимді таңдай аласыз.
Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады. Кассалық аппараттарға қатысты.
Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп алып, заңды түрде пайдалана алады. Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады.
Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған. Еске салайық, қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған. Сондықтан, құрметті кәсіпкерлер арандатушылыққа бой алдырмай, уәкілетті органдардың ресми ақпаратына ғана сенуге шақырамыз", - делінген министрліктің хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944650-mobildi-audarymdarga-salyq-salu-qarzy-ministrligi-tusinikteme-berdi/