Қар мен көктайғақ: Синоптиктер 1 желтоқсандағы ауа райын болжады
Жарияланған күні:
Қазгидромет 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде қар, тұман мен көктайғақ күтілуде.
Батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклонының жырасы әсер ететін болады. Осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының солтүстік-батысында және орталығында тұман, күндіз облыстың батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында тұман, облыстың орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіеді.
Қостанай облысында желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшеюі күтіледі.
Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз -3-5 °C, түнде -13-15 °C. Желдің жылдамдығы 1-6 м/с.
Алматыда ауа температурасы күндіз +8+10 °C, түнде -1+1 °C. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.
Шымкентте ауа температурасы күндіз +18+20 °C, түнде +1+3 °C. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944742-qar-men-koktaigaq-sinoptikter-1-zeltoqsandagy-aua-raiyn-bolzady/