Өртемекші болған: Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың мәйіті табылды

Опубликовано:

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Шымкентте Тыныбаев көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерден денесін күйік шалған қыздың мәйіті табылды. Жантүршігерлік жағдайдың мән-жайы әзірге айтылмай отыр, деп хабарлады Оtyrar.kz.

Полиция көршілерден жауап алып жатыр. Қылмысты ашу жұмыстарына кинологтар мен криминалистер жұмылдырылған.

Үрейленген үйдің тұрғындары учаскелік инспекторларға тәулікке жалға берілетін пәтерлер нағыз қылмыс пен тәртіпсіздіктің орны екенін талай рет ескерткендерін айтады.

Алайда тұрғындардың сөзіне құлақ асқан ешкім жоқ екен.

Қылмыс жасалған күні түнде көршілер пәтерден шу естіген. Олардың айтуынша, біреулер қатты күліп, айғайлапты. Көршілер шуды тоқтату үшін қабырғаны ұрған. Біраздан кейін шу басылыпты.

Көз жұмған қыздың жасы 22-де. Қылмыскерлер ізін жасыру үшін мәйітті өртемекші болған.

Басылымының хабарлауынша, қылмыс жасалған үйдің жанында бейнебақылау камералары орнатылған бірнеше мекеме бар. Бұл қылмыскерді анықтауға пайдасын тигізуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944771-ortemeksi-bolgan-symkentte-zaldamaly-paterden-qyzdyn-maiiti-tabyldy/

jitsu gif