Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір адам көз жұмды": БҚО-да полиция қызметкерінің қатысуымен жол апаты болды

Опубликовано:

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауылдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Hyundai Accent көлігін тізгіндеп келе жатып, Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Салдарынан бір адам қайтыс болған. Оқиғаның мән-жайын өңірлік полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құзырлы органның мәліметінше, жол апаты 1 желтоқсан күні кешкі сағат 19:15 шамасында Орал-Тасқала тас жолының 46-шақырымында болған.

"Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан. Алған жарақаттардың салдарынан бір адам қайтыс болды, тағы екеуі зардап шекті. Медициналық сараптама полиция қызметкерінің мас күйде болғанын анықтады", – дейді БҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Сонымен қатар, ведомство 20 жыл жұмыс істеген полицей ішкі істер органдарынан шығарылатынын атап өтті.

Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Одан бөлек, қызметтік тескеріс жүргізілуде. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Істі департамент басшылығы бақылауына алған.

Полиция жол апатынан қаза болған 51 жастағы әйелдің отбасына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944932-bir-adam-koz-zumdy-bqo-da-policiya-qyzmetkerinin-qatysuymen-zol-apaty-boldy/

pixel