Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында дүлей дауылдан келген залалды өтеу үшін қазынадан 365 миллион теңге бөлінеді

Опубликовано:

Жамбыл облысы11
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының шенеуніктері желден келген шығын көлемін есептеп болды. Дауылдан келген залалды өтеу үшін қазынадан 365 миллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бұл сомаға қатты қираған 121 нысан жөнделеді.

Өңірдегі екі күндік дауылдан 1200-ден аса ғимаратқа зақым келсе, оның 1085-і демеушілер көмегімен қалпына келтірілген.

Ал күшті желден қираған ғимараттардың басым бөлігі облыс орталығында орналасқан. Қираған үйлердің арасында тұруға жарамсыз баспаналар да бар екен.

Еске сала кетейік, 17-18 қарашада Жамбыл облысында қатты дауыл тұрып, салдарынан электр сымдары үзіліп, 50 мыңнан аса түтін жарықсыз қалды.

51 адам жарақат алып ауруханаға түссе, 17 жастағы азамат шатырдан құлап мерт болды.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945051-zambyl-oblysynda-dulei-dauyldan-zapa-sekkenderge-365-million-tenge-bolindi/

pixel