Ұлы тұлға: Жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батыры кім
Жарияланған күні:
2021 жылдың 25 қарашасында "Қазақстан Республикасы "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы "Тәуелсіздіктің 30-жылдығы" аясындағы "Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары: Әжібай батыр Найманбайұлының тәуелсіздік жолындағы күрескерлік ерлігі мен өнегелі іс-қимылдары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция мақсаты: "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы мен "Тәуелсіздіктің 30-жылдығы" аясында Әжібай батыр Найманбайұлының жоңғар басқыншыларына қарсы күрескерлік ерлігі мен өнегелі іс-қимылдарын талдау арқылы еліміздегі патриотизмді нығайтуға негізделген.
Ұйымдастырушылар: Білім және ғылым министрлігі, Ғылым академиясы, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ энциклопедиясы, Орталық мемлекеттік архиві "Әзірет сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, "Ер-Әжібай батыр" қоғамдық қоры.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945561-uly-tulga-zongarlarga-qarsy-kuresken-qazaq-batyry-kim/