Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласының карантинге жабылатыны рас па

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

WhatsApp мессенджерінде 10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы карантинге жабылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда облыстық әкімдік хабарламаны теріске шығарды, деп хабарлайды StopFake.kz.

Атырау облысының әкімдігі алдағы уақытта локдаун енгізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды.

"Бұл ақпарат негізсіз. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 24 "Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 "Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы шыққан болатын. Аталған қаулыда Атырау облысы толықтай карантинге жабу туралы мәлімет көрсетілмеген, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, олар жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Айта кетсек, 10 желтоқсанда Атырау облысында жұмыс күндері сауда орталықтарына Ashyq-та "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946214-10-zeltoqsannan-bastap-atyrau-qalasynyn-karantinge-zabylatyny-ras-pa/

pixel