Степногорск қаласында пәтерден 57 жастағы тұрғынның денесі табылды

Опубликовано:

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Степногорск қаласында пәтерден 57 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 желтоқсанда Степногорск қаласындағы көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінен көптеген дене жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды.

Оқиға орнына жылдам келген тергеу тобы марқұмның жеке басын анықтады. Ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қылмыстың куәгерлерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері көрші үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол бұрын қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қарағанды облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ер адам қылмысын мойындап, ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туындап, оның нәтижесі кісі өлтіру болғанын жеткізді.

Аталған факт қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946264-stepnogorsk-qalasynda-paterden-57-zastagy-turgynnyn-denesi-tabyldy/

jitsu gif