Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австрияда вакцинациядан бас тартқан тұрғындар 4 мың доллар төлеуге міндеттелді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Австрияның денсаулық сақтау министрі Вольфганг Мюкштайн вакцинациядан бас тартқан тұрғындар 3600 еуро (1,78 млн теңге) төлейтінін мәлімдеді. Жаңа заң жобасы келесі жылдың ақпан айында күшіне енеді, деп хабарлайды Securykid.

Австрия билігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған тұрғындарға вакцина алу қажеттілігі туралы әр үш ай сайын хат жіберетін болады.

Австрияның денсаулық сақтау министрі атап өткендей, жүкті әйелдер мен балаларды есепке алмағанда, 14 жастан асқан барлық тұрғын коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациядан өтуі керек.

Ал бас тартқан жағдайда және вакицна салдыруға болмайтынын медициналық құжатпен дәлелдемеген жағдайда тұрғындар 3600 еуро (4071 доллар немесе 1,78 млн теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Айыппұл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылмайды.

Айта кетейік, Қазақстанда ревакцинация мерзімі қысқарды. Алексей Цой мұндай шешімге министрлік халықаралық тәжірбиені зерттегеннен кейін келгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946351-avstriyada-vakcinaciyadan-bas-tartqan-turgyndar-4-myn-dollar-toleuge-mindetteldi/

pixel