Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы мәліметтер шықты: Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай төмендеген. Мәселен, Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

12 желтоқсанда 491 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 81
  • Алматы қаласында - 14
  • Шымкент қаласында - 5
  • Ақмола облысында - 59
  • Ақтөбе облысында - 2
  • Алматы облысында - 12
  • Атырау облысында - 0
  • Шығыс Қазақстан облысында - 12
  • Жамбыл облысында - 2
  • Батыс Қазақстан облысында - 10
  • Қарағанды облысында - 90
  • Қостанай облысында - 60
  • Қызылорда облысында - 3
  • Маңғыстау облысында - 3
  • Павлодар облысында - 66
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 66
  • Түркістан облысында - 6.

Осылайша, жалпы Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 977 031-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 543 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір елімізде 21 128 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 4 147 пациент стационарда, 16 981 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

330 адамның жағдайы ауыр, 88 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 64 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946582-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyqtyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel