Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жаппай жол апаты болып, алты адам зардап шекті

Опубликовано:

4
Видеодан кадр: Lada.kz

Маңғыстау облысында үш автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Салдарынан алты адам ауруханаға түсті.

Жол-көлік оқиғасы туралы Lada.kz порталы хабарлады. Өңірлік полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 12 желтоқсан күні сағат 19:50-де Қарақия ауданындағы Ақтау-Жаңаөзен тас жолында болған.

Құқыққорғау органдарының хабарлауынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі бастапқыда жылқыны қағып, содан кейін инерция бойынша тұрған Toyota Highlander-мен соқтығысқан. Ол өз кезегінде тас жолдың бойында тұрған Honda Odyssey көлігін соққан.

"Жол апаты салдарынан алты жәбірленуші Жетібай ауылының ауруханасына жеткізілді. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр",- деді полицияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946785-mangystauda-zappai-zol-apaty-bolyp-alty-adam-zardap-sekti/

pixel