Қазақ тілін "жойылу қаупі төнген тілдер" қатарына жатқызуға болады ма?
Жарияланған күні:
Әлемде ай сайын екі тіл жойылады. Дүние жүзінде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен, деп жазады Namys.kz.
Олардың 2700 – негізгі тіл, 4000-ға жуығы – сол тілдердің диалектісі. Кейбір болжамдар бойынша XXI ғасырдың аяғына таман үркердей топ – негізгі тілдер ғана қалып, қалғандары жойылып кетпек.
Бірде-бір адам сөйлемейтін тіл өлген тіл болып саналады. 1995 жылы қарашаның 5-і күні Момбила ауданында касаба тілінде сөйлейтін ең соңғы Богон есімді азамат дүниеден өтті, онымен бірге касаба тілі де өлді.
1980 жылғы есеп бойынша, тірі тілдердің саны 7000-ға жуық болған. Ал он екі жылдан кейін шыққан халықаралық лингвистикалық энциклопедияның мәліметіне сенсек, 6300 тірі тіл бар деп жазылған. "Әлем тілдерінің жартысы өледі" деген тұжырым дұрыс болса, ол – үш мың тілдің ажалы деген сөз. Тілді ажал аузында деп қай кезде айтуға болады? Сол тілде сөйлейтін жас ұрпақ одан безінген кезде.
Тілді ажал аузында деп қай кезде айтуға болады? Сол тілде сөйлейтін жас ұрпақ одан безінген кезде.
20000 сөйлеушісі ғана қалған тілдерді қатер төнген тілдер деп атасақ, дәл қазір әлемнің 4000 тіліне тікелей қара бұлт үйіріліп тұр. Соның ішіндегі 51 тілде тек бір-бір адам ғана сөйлейді.
Оның 28-і – Австралияда, 8-і – Америкада, 3-еуі – Оңтүстік Америкада, 3-еуі – Африкада, 6-уы – Азияда, 3-еуі Тынық мұхит аралдарында екен.
Лингвист Майкл Краустың пікірінше, адамзат тілінің 90%-ы өледі. Әлемде алты жүз тіл қалады. Ал осы ғасырда тілдердің 50%-ы ғана қалмақ. Оның айтуынша, 100 жылда 1200 ай болса, әр айда 2 тіл өледі екен.
Жойылу қаупі төнген тілдерді Краус 5 санатқа бөледі.
Біріншісі, қауіп төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қажетсіз деп табылған, үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі – алдымен бұл тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды.
Екіншісі, қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы өз тілінде сөйлегісі келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беріңіз.
Үшіншісі, қатер тым төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндер – жасы елуден асқандар.
Төртіншісі, өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар сөйлейді.
Бесіншісі, жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл. Әлемдегі 5 мың тірі тілдің ай сайын 2-еуі өледі.
Қазақ тілінің қазіргі жағдайын "қауіп төне бастаған тілдер" қатарына жатқызуға болады ма?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/194687-kazak-tilin-zhojylu-kaupi-tongen-tilder-kataryna-zhatkyzuga-bolady-ma/