Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаз бойы Маңғыстауға шөп тасыған Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығы берілді

Жарияланған күні:

Құрмет Талапқазы
Құрмет Талапқазы. Фото: Жеке мұрағат

Ала жаздай жұтқа тап болған Маңғыстау өңіріне елден көмек жинап, қолмен шөп шауып тасыған Құрмет Талапқазыға Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім алу мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы білім ордасының Facebook парақшасында хабарланды.

"Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Бүгін Құрмет Талапқазы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды. Асхат Аймағамбетов Құрмет Талапқазымен телефон арқылы сөйлесіп, оқуда жақсы жетістіктерге жетуін тіледі", - делінген жазбада.

Еске салсақ, Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы еліміздің батысындағы қуаңшылыққа тап болған малды ауылдарға жем-шөп жіберу үшін бүкіл жұмысын тастап, қоғамдық бастамаға мұрындық болған еді.

Кейін оның бастамасына Ауыл шаруашылығы министрлігі құлақ асып, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын көмекке тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946973-zaz-boiy-mangystauga-sop-tasygan-qurmet-talapqazy-tegin-oqu-quqygy-berildi/