Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада апатты үйдің тұрғындары баспаналы болды

Жарияланған күні:

Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай 50 отбасы баспаналы болды.

Апаттық тұрғын үйлерде тұрып жатқан азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй облыс орталығының сол жағалау бөлігінде орналасқан.

Нысанның құрылысын салған мердігер мекеме – «Дәнекер» ЖШС. Жаңа пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған.

Жаңа баспанаға қол жеткен көпбалалы аналардың бірі Алима Алсуева тұрғындар атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Үй иесіне естелік сыйлық ретінде бағалы сыйлық табыс етілді.

Алима «Қызылорда Тазалығы» ЖШС аула сыпырушысы болып жұмыс істейді, күйеуі денсаулығына байланысты жұмыссыз, ІІІ топ мүгедегі. Тұрғын үйлері 2020 жылы апаттық жағдайда деп танылып, «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда» деп танылған азаматтар санаты бойынша 2020 жылы 10 наурызда тұрғын үй алу кезегіне тіркелген.

Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Айта кету керек, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында Қызылорда қаласының сол жағалауындағы 680 пәтерлік 14 тұрғын үйдің кілті табысталған болатын. Жаңа пәтер кілттері кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілді.

Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөліміҚызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бұдан бөлек, Қызылорда облысында 30 жыл ішінде 8 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 2 408 пәтерлік 110 тұрғын үй құрылысы жүруде. Жыл аяғына дейін 1 608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947330-qyzylordada-apatty-uidin-turgyndary-baspanaly-boldy/