Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімі мұқым қазаққа белгілі": Ауыл шаруашылығы министрі Құрмет Талапқазыны марапаттады

Жарияланған күні:

Құрмет Талапқазы
Құрмет Талапқазы мен Ербол Қарашөкеев. Фото: facebook.com/Дамир Аспан

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев құрғақшылыққа тап болған өңірлерге жылу жинап, шөп тасыған Құрмет Талапқазыны марапаттады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Аспан Facebook парақшасында хабарлады.

"Құрметтің есімі мұқым қазаққа белгілі. Маңғыстауда мал қырылып жатқанда барша қазақстандықтарға үндеу тастап, игі бастаманы қолға алды.

Министр Құрметтің бастамасын қолдап қоймай, оны жүзеге асыруға көмектескен болатын. Шабылған шөпті Маңғыстауға жеткізу үшін әкімдіктермен, ҚТЖ сынды басқа да мекемелермен келіссөз жүргізіп, ведомство тарапынан қажет қолдауды көрсетті.

Бүгін сәті түсіп, шаруалармен кездесу барысында жүзбе-жүз кездесті. Қазақта бас көтеретін, ауылдың мәселесіне бей-жай қарамайтын азаматтар көп болсын!", - деп жазды Дамир Аспан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Құрмет Талапқазыға Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім алу мүмкіндігі берілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948033-esimi-muqym-qazaqqa-belgili-auyl-saruasylygy-ministri-qurmet-talapqazyny-marappattady/