Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы тас жолда оқушылар мінген ГАЗель жанып кетті (видео)

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодар облысының тұрғындары әлеуметтік желіде өртке оранған шағын автобустың видеосын таратып жатыр. Болған жайтқа қатысты жергілікті төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өртке оранған "ГАЗельдің" видеосы Instagram желісіндегі tipavlo.dar парақшасында пайда болды. Автордың өзінше, өрт кезінде балалар есікті өздеріп ашып, секірген.

Видеоға қатысты Павлодар облысының ТЖД өкілдері жазбаның астында пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін, 23 желтоқсанда Павлодар ауданы Ефремовка және Даниловка ауылдарының арасындағы тас жолда болған.

"Ашық жерде "ГАЗель" көлігі толығымен жанып кетті. 2007 жылы шығарылған, аумағы 8 шаршы метр", - деп хабарлады ведомстводан.

ТЖД хабарлауынша, балалар көліктен өз бетінше, дегенмен жүргізушінің сүйемелдеуімен шыққан. Шағын автобуста 6 бала болған, олардың ешбірі зардап шекпеген.

Көлік салонында өрт сөндіргіш құрал болған, бірақ ол қолданылмаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірген.

"Өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық ТЖД.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948277-pavlodar-oblysyndagy-tas-zolda-oqusylar-mingen-gazel-zanyp-ketti-video/

pixel