Тараздағы жарылыстан соң жоғалған сержантты іздеу жұмыстары неге ұзаққа созылды

Опубликовано:

Жарылыс орны
Жарылыс орнындағы іздеу жұмыстары. Фото: Facebook / modgovkz

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәжіліс отырысында Тараздағы қоймада болған жарылыстан соң із-түзсіз жоғалған 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары неге ұзаққа созылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тұяқов қазіргі уақытта сержант Дәуітбаевты іздеу жұмыстары мен тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"Іздеу жұмыстары ұзаққа созылды. Аталған іске көп ресурс тартылды. Ауа райы іздеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ, жұмыс жалғаса береді деп ойлаймын. Іздеу жұмысының басты қиындығы- гарнизон үлкен. Іздеу жұмыстарына жұмылдырылып жатқан әскери қызметкерлер бар. Оның денесі түгелдей өртеніп, түгі қалмауы екіталай. Оны барлық аумақта іздестіріп жатыр",- деді ол.

Тұяқов ауа райына байланысты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылуы мүмкін екенін жасырған жоқ.

"Үкімет комиссиясы жұмыс істеуде, оны вице-министр басқарады. Бұл комиссия аясында кешенді жұмыстар жүргізіледі. Жаңа қоймалар құрылады, онда аталған оқ-дәрілер жеткізіледі. Бірнеше жаңа қойма салуға көп болмаса да белгілі бір сома қажет. Бұл ИИДМ құзіретінде",- деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949133-tarazdagy-zarylystan-son-zogalgan-serzantty-izdeu-zumystary-nege-uzaqqa-sozyldy/

jitsu gif