Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда жолаушылар пойызы жеңіл автокөлікпен соқтығысты

Опубликовано:

Пойыз
Фото: kstnews.kz

29 желтоқсан күні сағат 10.00 шамасында тәртіп сақшыларына Қостанайдың автоорталығы ауданындағы теміржол өткелінде Chevrolet жеңіл автокөлігі мен пойыз соқтығысқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына құқық қорғау органдары аттанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнына жеткен полицейлер Қарбышев көшесінен теміржол өткеліне қарай қозғалған автокөлік жүргізушісі автоорталық аумағында Нұр-Сұлтан - Орал жолаушылар пойызымен соқтығысқанын анықтады.

Құрам Рудный бағытына қарай бара жатқан.

Жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылдануы үшін алғашқы материал дайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949136-qostanaida-zolausylar-poiyzy-zenil-avtokolikpen-soqtygysty/

pixel