"Супермаркетте бос қоларба жоқ": Алматылықтар Жаңа жылға қалай әзірленуде (фото)

Опубликовано:

супермаркет
Фото: Facebook/Аида Букаева

Алматылықтар ертеңгі жаңажылдық кешке қызу дайындық үстінде. Сол себепті қаладағы үлкен желілік супермаркеттерде аяқ алып жүру қиын. Алматы тұрғыны Аида Букаеваның сөзінше, адамдар үлкен сауда орталығында бос қоларба таппай, уақыт жоғалтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа жылға бір тәулік қалғанда Алматы тұрғындары қаладағы базарлар мен супермаркеттердің саудасын қыздырып жатыр.

Қоғам белсендісі Аида Букаева желідегі парақшасында қаланың батысында орналасқан ірі сауда орталығында адамдардың көптігінен тығырыққа тірелгенін жазды. Алматы тұрғыны азық-түлік таситын қоларбаның жетіспеуінен біраз уақытын жоғалтқанын айтады.

супермаркет
Фото: Facebook/Аида Букаева

"Арбаның артынан бір сағат аңдыдық. Сонда да бізге бос арба бұйырмады. Ешкім жауап бермейді. Жұрт дүрлігіп жүр ішінде, арба таппаған соң, Кеңес дәуіріндегідей қолдарына пакет алып жүгіріп жүр. 150 қоларбаның барлығы бос емес екен. Менің көзімше бір кісінің қолындағы бір шөлмек шарабы сынып жерге төгілді", - дейді ол.

азық-түлік
Фото: Facebook/Аида Букаева

Қала көшелеріндегі қозғалысты көрсететін навигаторлар да алматылықтардың сауда орталықтарының маңында кептелісте тұрғанын көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949398-supermarkette-bos-qolarba-zoq-almatylyqtar-zana-zylga-qalai-azirlenude-foto/

jitsu gif