Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 850 адам ұсталды

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Видеодан кадр: Instagram/almaty_city

Алматыда қаланы террористерден тазарту операциясы жалғасуда. Қазіргі уақытта оңтүстік астанада 850 адам ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Әкім орынбасарының мәліметінше, өткен түнде әкімшілік ғимараттарға ауқымды шабуылдар жасалған жоқ. Қазіргі уақытта мегаполисті бұзақылардан тазарту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Бүгіндікке террористерден қайтарылып алынған аумақтар:

  • президент резиденциясы;
  • Алматы қаласының әкімдігі;
  • Республика алаңы;
  • Думан шағын ауданы;
  • "Карсити" СҮ ауданы;
  • Әуезов пен Наурызбай аудандарының аумағы.
"Террористік шабуылдар мен түрлі қылмыстық әрекеттер бойынша 850 адам ұсталды", - деді Бабақұмаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950061-almatyda-850-adam-ustaldy/

pixel