Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан билігі тұрғындарды құжат көрсетуден бас тартпауға шақырды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан билігі тұрғындарды елде жүріп жатқан антитеррорлық әрекеттер аясында қолға алынып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, құқық қорғау қызметкерлеріне құжат көрсетуден бас тартпауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша антитеррорлық операциялар жүргізілуде. Елдің барлық аумағында төтенше жағдай режимі жарияланып, қоғамдық тәртіп күзеті күшейтілген. Жағдайды тұрақтандыру және елдегі өмірді анағұрлым тез қалпына келтіру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сонымен бірге оларды, олардың заттары мен көлік құралдарын тексеруге құқылы.

Сондықтан билік ел тұрғындарын осындай мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарап, қызметкерлер талабы бойынша қажетті құжаттарын ұсынып, көмек беруді сұрап отыр. Барлығымыз күрделі жағдайдың өз шешімін тауып, Қазақстанның әр өңірінде тыныштық пен бейбіт өмірдің қайта қалпына келуіне мүдделіміз.

Сонымен бірге, билік ІІМ мен әскерилердің көлікті тоқтату туралы талаптарына баса назар аударып, оған көз жұма қарамауды сұрайды. Одан бөлек, азаматтардан аса жоғары дәрежеде қоршауға алынған орындарға аса қажет болмаса, жақындамауды сұрайды.

Еске салсақ, республика бойынша 5 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздік салдарынан төтенше жағдай жарияланып, коменданттық сағат енгізілді.

ІІМ басшысы қазақстандықтарды провокациялық әрекеттерге ермей, күдікті деректер мен тұлғалар туралы бірден полицияға хабарлауды шақырып отыр.

Ал бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен оперативті штабтың кезекті отырысы болып өтті. Президентке кұқық қорғау органдары елдегі заңдылықты қалыпқа келтіру бойынша шаралар жүзеге асырылуы және төтенше жағдай режимінің сақталуы қамтамасыз етіліп жатқаны туралы мәліметтер берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950070-qazaqstan-biligi-turgyndardy-quzat-korsetuden-bas-tartpauga-saqyrdy/

pixel