Атырауға кіреберісте төрт блок-бекет жұмыс істеп жатыр

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Атырауға кіреберісте төрт бақылау-өткізу бекеті, тоғыз мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ барлық жолаушылар мұқият тексерілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысында жүргізіліп жатқан лаңкестікке қарсы операцияға байланысты облыс бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылды.

"Қазір облыс орталығына кіреберістерде төрт бақылау-өткізу бекеті мен тоғыз мобильді топ жұмыс істеуде. Атырау халықаралық әуежайы да күшейтілген қауіпсіздік шаралары режимінде жұмыс істеуде. Мұнда да барлық жолаушылар жіті тексеріледі. Блок-бекеттерде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттармен қатар жеке заттары, көлік құралдары тексеріледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы аумағында 2022 жылғы 4-8 қаңтар аралығында болған тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқан екі экстремистік топ құрықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950188-atyrauga-kire-beriste-tort-blok-beket-zumys-istep-zatyr/