Мемлекет басшысы террористер Ақорданы басып алмақ болғанын айтты

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған террористер елордадағы президент резиденциясын басып алмақ болғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бұзақылардың қолына өтті. Біз лаңкестікке қарсы операция режимін жарияладық. Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан көмек беруді сұрады. Бұл дер кезінде қабылданған шешім еді. Елордаға үш бірдей әскери ұшақтың келгенін білген содырлар Президенттің резиденциясына басып кіру жоспарынан айныды. Бұл Алматыға қосымша күш жұмылдырып, қаланы террористерден тартып алуға мүмкіндік берді", - дейді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазір Қазақстанда ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің 2030 әскері мен 250 дана техникасы өздеріне жүктелген міндеттерді атқарып жатыр.

Олар әуежайлардың, әскери қоймалардың және басқа да маңызды мемлекеттік нысандардың, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950289-toqaev-terroristter-aqordany-basyp-almaq-bolganyn-aitty/