Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында агрессивті топ әкім орынбасарын соққыға жықты

Опубликовано:

Ләззат Тұрлашов
Фото: Алматы облысының әкімдігі

5 қаңтар күні Алматы облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде облыс әкімінің орынбасары Тұрлашов Ләззат зардап шекті. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір басшысының кеңесшісі Ғалымұрат Жүкелге сілтеме жасап.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың кеңесшісінің сөзінше, Ләззат Тұрлашов сауалдарға жауап беру мақсатында жиылған жұрт алдына шыққан.

Алайда, әкім орынбасарының сөзіне ешкім құлақ аспай, соққының астына алған.

"Олар билік пен конституциялық қатарды құлатуға мүдделі агресивті топ болды. Әкім орынбасарын тыңдамады да, тек ұра бастады. Абырой болғанда, оны құтқарып қалдық. Қазір жағдайы жақсы", - деді Ғалымұрат Жүкел.

Зардап шеккен шенеунік ауруханада емдеу курсын өтіп жатыр. Жағдайы тұрақты, маңызды ағзасына зиян келмеген.

Өңір әкімінің кеңесшісі әкім Қанат Бозымбаев демонстранттарға бір күн бұрын шыққанын еске салды. Жиылған жұртқа келіссөздер жүргізу үшін құрамында 20 адам бар бастамашы топ құру ұсынылған, алайда олар бас тартқан.

"Тұрлашов топ облыстық әкімдікке мақсатты түрде бара жатқанда шыққан. Ол дене жарақаттын алды. Әкімдікті өртеді, ол ішінара жанып кетті",- деді Ғалымұрат Жүкел.

Қазір әкімшілік қызметкерлері басқа кеңсеге көшкен.

Айта кетейік, Алматы облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950307-almaty-oblysynda-agressivti-top-akim-orynbasaryn-soqqyga-zyqty/

pixel