Төтенше жағдай кезінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Төтенше жағдай кезінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керек? Бұл сауалға Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жауап берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ел аумағында енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде бірқатар құжаттар жарамдылық мерзімі өтсе де жарамды деп танылады.

Атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты және жеке куәлігі;
  • Қазақстан Республикасы аумағында шетелдіктің тұру ықтиярхаты;
  • Азаматтығы жоқ тұлға куәлігі;
  • Босқын куәлігі;
  • Пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатнама;
  • Визалар;
  • Еңбек мигранттарына рұқсатнама.

Ведомство өкілдері аталған құжаттарды ауыстыру немесе ұзарту әкімшілік жауапкершілікке тартпастан, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатынын жеткізді.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер осы мәселе бойынша ьөтенше жағдай аяқталған соң 30 тәулік ішінде жүгіне алатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950542-totense-zagdai-kezinde-quzattardyn-merzimi-ayaqtalsa-ne-isteu-kerek/

jitsu gif