"Қазақстан темір жолы" мәлімдемесі: Қазіргі жағдайда пойыздар кестесі қандай
Жарияланған күні:
"Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы жолаушылар тасымалы бойынша қазіргі жағдайды баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда жолаушылар пойыздары кесте бойынша және барлық бағытта жүреді. Барлық пойыздарға теміржол билеттері қолжетімді. Нұр-Сұлтаннан шығатын жолаушылар үшін темір жол билеттерінің тапшылығы жоқ", - делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, күн сайын елордадан басқа қалаларға 30-дан астам пойыз жөнелтіледі.
Олардың барлығы да пойыздар кестесі бойынша жүреді. Мәселен, 11 қаңтардағы жағдай бойынша, елордадан 42 жолаушылар және қаламаңы пойыздары жолға шықты.
Сонымен қатар, 8-11 қаңтар аралығында "Алматы-Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамынан 12 қосымша пойыз ұйымдастырылып, 11 мыңнан астам орын ұсынылды.
Билеттер туралы толығырақ ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz пен "ҚТЖ билеттері" мобильдік қосымшаларынан білуге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950712-qazaqstan-temir-zoly-malimdemesi-qazirgi-zagdaida-poiyzdar-kestesi-qandai/