ШҚО-дағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар туралы дерек жарияланды

Опубликовано:

Семейдегі тәртіпсіздік. Кадр видеодан
Семейдегі тәртіпсіздік. Кадр видеодан: facebook.com/AkimatSemey

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті өңірдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар меп зардап шеккендер туралы деректерді мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қазіргі күні ШҚО-да жағдай тұрақталған. Төтенше жағдай аясында полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Ішкі істер органдарына 1 100 адам жеткізілген.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-тармағы ("Билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету"), 272-бабы, 4-тармағы ("Жаппай тәртіпсіздік"), 255-бабы, 4-тармағы ("Террорлық әрекет"), 200-бабы ("Көлікті айдап әкету"), 287-бабы ("Қаруды заңсыз сақтау") бойынша жалпы саны 8 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Одан бөлек, 80 адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қаңтардың 5-і мен 12-і аралығында 322 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәртіпсіздік кезінде 92 полицей, Ұлттық ұланның 19 сарбазы жарақат алған.

"Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың 100-ден астамы жарақат алған. Үшеуі қаза тапты", - дейді ШҚО полиция департаменті хабарламасында.

Тұтас алғанда өңірде 10 қызметтік автокөлікке зақым келіп, 11-і жарамсыз болып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950759-sqo-dagy-tartipsizdik-kezinde-qaza-tapqandar-turaly-derekter-zariya-etildi/