RU

"Ішке кіруге әрекеттенді": Лаңкестер Талдықорғандағы әскери бөлімге де шабуыл жасаған (видео)

Фото
Видеодан кадр: Қорғаныс министрлігі

Талдықорған гарнизонында төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап әскери бөлімдердің күзеті күшейтілген. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабалады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Экстремистер әскери нысандарға бірнеше рет қарулы шабуыл жасауға әрекеттенді. Әскери қызметкерлер террористердің шабуылына тойтарыс берді", - деп хабарлады ведомстводан.

Майор Арман Сырғабаевтың айтуынша, Талдықорған қаласында орналасқан 18386 әскери бөлімінің үш жағында да ұрыс жүрген, арандатушылық болған.

"Ішке кіруге әрекеттенді. Бөлім қорғанысты күшейтіп, деструктивті топтардың аумаққа кіруіне мүмкіндік бермеді", - дейді Арман Сырғабаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Талдықорғанда тәртіпсіздіктер кезінде әскери қызметші көз жұмғанын жазған едік.

Келісімшарт бойынша қызмет еткен ефрейтор Ғабдолла Смайылханов небары 25 жаста болатын.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстарына көңіл айтып, марқұмның отбасына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950777-iske-kiruge-arekettenditerrorister-taldyqorgandagy-askeri-bolimge-sabuyl-zasagan-video/