5118-і елордадан: Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 9 122-ге дейін өсті

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте елімізде 9 122 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 5118
  • Алматы қаласы - 1205
  • Шымкент қаласы - 320
  • Ақмола облысы - 138
  • Ақтөбе облысы - 225
  • Алматы облысы - 133
  • Атырау облысы - 243
  • Шығыс Қазақстан облысы - 95
  • Жамбыл облысы - 69
  • Батыс Қазақстан облысы - 93
  • Қарағанды облысы - 669
  • Қостанай облысы - 94
  • Қызылорда облысы - 268
  • Маңғыстау облысы - 179
  • Павлодар облысы - 85
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 59
  • Түркістан облысы - 129.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 013 586-нан асты.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 792 адам коронавирустан жазылып шыққан.

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 35 710 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 888 пациент стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы 206 адамның жағдайы ауыр, 62 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950874-otken-taulikte-elimizde-9-122-adamnan-koronvirus-anyqtaldy/