Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"77 млн қайдан табамыз": Астаналық ана сүйектің қатерлі дертіне шалдыққан 4 жасар ұлы үшін көмек сұрады

Жарияланған күні:

Асқар Жәлел
Асқар Жәлел: жеке мұрағат

Елорданың ең кішкентай тұрғындарының бірі – төрт жасар Асқар Жәлел еліміздегі балаларда сирек кездесетін дертке ұшырады. Ойнап жүріп, үйінде құлап қалған балақайдың өміріне алғашында айтарлықтай қауіп төнбеген. Алайда, қолының ауыруы жиілей берген бүлдіршіннің ата-анасы қаңтар айының басында қатерлі дерттің расталғанын мәлімдеді. Қарапайым отбасы енді ұлдарының өмірі үшін үлкен күресті бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асқардың анасы Шалқыма Сауғабаеваның айтуынша, 2020 жылдың 15 қарашасына дейін ұлының денсаулығына ешқандай шағым болмаған. Бүлдіршін өз қатарынан қалмай, қалыпты дамып келе жатады. Ойнап жүріп, құлап қалғаннан кейін дәрігерлер баланың сүйегінде өзгеріс барын ескертіпті.

"Кішкентай бала ғой, үйде ойнап жүріп, қолын сындырып алды. Бірден ауруханаға апарып тексерттік. Дәрігерлер сүйек ішінде жаңа өскін пайда болғанын айтқанда, сең соққандай күй кештім. Содан соң квота алып, "Ана мен бала орталығында" ота жасаттық. Биопсия алған еді, нәтижесі жақсы шықты. Яғни, дәрігерлер сүйектегі өскіннің қатерсіз екенін айтып, остефиброзды дисплазия диагнозын қойды. Осылайша, ұлымыздың құлан-таза сауығатынына сеніп, әр алты сайын рентгенге түсіп, ота жасаған дәрігердің бақылауында болдық. Бірақ 2021 жылдың қарашасында ұлымның қайтадан ауырсына бастағанын байқадым", - дейді Шалқыма.

Асқарды қолының ауырғаны қайта мазалай бастайды. Бұл ата-анасы үшін де үлкен ауыртпалық еді.

"Әлі есімде, 7 қараша күні ұйықтар алдында Асқар қолының ауырғанын тағы айтты. Ал таңертең киінгенде тоқтаусыз жылай бастады. Дереу ауруханаға апарып едік, дәрігерлер барлығы жақсы екенін айтып, шығарып салды. Осылайша, ревматолог, невролог, ортопед, бәрінің алдына бардық. Компьютерлік томографияға түсіп, ота арқылы биопсия алған соң оған остеогендік саркома диагнозы қойылды.

Төрт жастағы балалар мұндай ауруға сирек шалдығады екен. Өкінішке қарай, түркиялық дәрігерлер де бұл диагнозды растап отыр. Ұлым сүйектің қатерлі ісігіне шалдықты. Бұл отбасымыз үшін үлкен соққы екені рас. Алайда, баламды емдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасағым келеді. Түркияда ота жасау үшін 77 миллион теңге сұрап отыр. Мұндай үлкен көлемдегі қаражат біздің қалтамызда жоқ. Осы орайда, қайырымды жандардан көмек сұраймын. Ұлымды құтқару үшін көмектесіңіздерші", - дейді Асқардың анасы.

Төрт жасар Асқар Жәлелге көмектесем деушілер үшін реквизиттер төмендегідей:

Kaspi Bank

Тел: 87014577657

ЖСН: 890719451231

Карта номері: 4400 4301 9428 8707

Шалқыма Сауғабаева (Асқардың анасы)

Халық банк

Карта номері: 4003 0327 7428 7447

Абзал Сауғабаев (Асқардың әкесі)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951062-77-mln-qaidan-tabamyz-astanalyq-ana-suiektin-qaterli-dertine-saldyqqan-4-zasar-uly-usin-komek-surady/