Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдай кезінде қандай нөмірлерге хабарласуға болады

Опубликовано:

Тоқаев пен Рахмон телефон арқылы сөйлесті
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты бірқатар салада жедел желі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында 14-32 нөмірлі жедел желі жұмысы іске қосылды. Оған зардап шеккен бизнес нысандарының қожайындары хабарласа алады. Келтірілген шығын көлемін фото және видеоға түсіру керек.

Төтенше жағдайда балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жедел желісіне хабарласуға болады: 8 7172 74 25 28, 8 776 170 73 83, 8 777 183 65 67, 8 701 378 66 29.

Азық-түлікті негізсіз қымбаттатуға қарсы телефон желісі ашылды: 8 778 668 1841, 8 775 592 6169, 8 (7172) 75-04-65, 74-27-38.

Елімізде әуе рейстері бойынша ақпарат алатын жедел желі ашылды. Желіде рейстердің мәртебесі, олардың шегерілуі және билеттерді қайтару мәселелері жөнінде жолаушыларға кеңес беріледі. Ол үшін 8 7172 79 82 13 және 8 7172 79 82 14 нөмірлеріне хабарласу керек. Call-орталық тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Желі "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының базасында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар медициналық ұйымдардың жедел желісі ашылды. Қызметкерлердің қауіпсіздігін ескере отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді. Ел бойынша орталықтардың жедел желісі іске қосылды. Төтенше жағдайда медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мәселелері бойынша халыққа кеңес беру үшін экранда көрсетілген нөмірлер бойынша 14-06 байланыс орталығының қосымша Call-орталығы ашылды. Күн сайын таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қолжетімді.

Айта кетейік, бұған дейін желтоқсанның 24-і мен 5 қаңтар аралығында ҰБТ-ға құжат тапсыру керек болған. Тестілеу 10 қаңтардан басталып 1 ай ішінде өткізілуі қажет еді. Ал балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың құқықтарын қорғау комитетінің жедел желісі іске қосылды. Білім және ғылым министрлігі білім саласына қатысты сауалдар туындаған жағдайда хабарласуға болатын аймақтық жедел желі нөмірлерін жариялады.

Жедел желі: 87172742528; 87771836567; 87013786629; 87761707383

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951084-totense-zagdai-kezinde-qandai-nomirlerge-xabarlasuga-bolady/

pixel