Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа көліктерді қолжетімді ету керек": Қазақстанда утильді алымдарға қатысты петиция пайда болды

Жарияланған күні:

утильді алым
Көрнекі фото: carsweek.ru

otinish.kz онлайн петиция сайтында автокөлік жүргізушілері атынан ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазылған петиция пайда болды. Онда утильдік алымдардың көлемін қайта қарастыру және жаңа көліктердің бағасын халыққа қолжетімді ету талап етілген деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

2022 жылдың 11 қаңтарында Сіз «Оператор РОП» ЖШС-н жабуды тапсырдыңыз. Біз, Қазақстанның қарапайым автомобильшілері, Сіздің шешіміңізді толығымен қолдаймыз. Утильдік алымдарды жеке компанияға өткізу басынан бастап қылмыстық әрекет болғаны мәлім!

Сіз мұны айтқан бетте, жағдайды өз пайдасына асыруға талпынып жатқан сан түрлі алып-сатарлар мен блогерлер белсенділік таныта бастады. Бірақ олар қарапайым халықтын мүддесін көздеп отырған жоқ.

Біз саясатқа араласпаймыз! Қойған талаптарымыз өте қарапайым!

Біріншіден, утильдік алымдардың көлемін қайта қарастыру. Басқа елдерде, тіпті өнеркәсібі дамыған көршілес елдерде де утильдік мөлшерлемелердің төмен болуы дұрыс емес! Ал біз әдеттегідей бәрінен көп төлейміз!

Екіншіден, жаңа көліктер қарапайым халық үшін қолжетімді бола түсуі керек. Адамдар тұрмыс жағдайы төмен болғандықтан, рөлі оң жағында орналасқан «альфардтарды» Ресейде, Арменияда және Қырғызстанда сатып алып жатыр. Жаңа көліктерді алғысы келетін қарапайым халыққа, ең болмағанда жақында отау құрған жас және көпбалалы отбасыларға неге жеңілдік жасамасқа? Ескі көлікті өткізгені үшін қомақты төлемдер жасау мүмкіндігі жоқ па?

Үшіншіден, «Оператор РОП-ты» қатаң түрде мемлекетке қайтару қажет. Оны барлық жеңілдіктерден айыру керек. Ол үшін арнайы ойлап табылған утильдік алымды «айналдыру» схемасы жойылуы керек. «РОП операторы» жинап алған миллиардтарының әрбір теңгесі үшін жауап беруі керек! «РОП Операторының» қанша қаражатты өзіне алғанын бүкпесіз көрсету керек! Ал утильдік алым ашық болуы керек. Халық барлық ақшаның қайда кетіп жатқанынан хабардар болуы керек.

Төртіншіден, жаңа мемлекеттік оператор өзінің тікелей жұмысымен айналысуы керек – ел жолдарын ескірген көліктерден тазарту! Өңірлер қираудың сәл-ақ алдында тұрған, ауаны ластайтын көліктерге толы. Олар техникалық тексеруден қалай өтеді? Мұндай көлік жолдарда жүрмеуі тиіс! Біздің жанайқайымыз сізге дейін жетеді деген үміттеміз.

Құрметпен, Қазақстанның қарапайым автомобильшілері", - делінген петиция мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951333-zana-kolikterdi-qolzetimdi-etu-kerek-qazaqstanda-utildi-alymdarga-qatysty-peticiya-paida-boldy/