Алматыда ұрланған киім-кешекті қоқыс қапшығына салған күдіктілер ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері ұрланған киімдер сақталған пәтерді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылымның мәліметінше, пәтер қылмыстық жолмен алынған заттарды уақытша сақтауға арналған қойма болған.
Тәртіп сақшылары бес адамды (екі жігіт пен үш қызды) қолға түсірді. Ұсталғандардың ең жасы 19-да болса, ең үлкені 28 жаста. Олардың бәрі Алматыға еліміздің өзге аймақтарынан келген.
Анықталғандай, фигуранттар "Азия Парк" сауда үйінде орналасқан бірнеше бутикті тонаған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдіктілер негізінен аяқ киім, киім мен әйелдердің әшекейін қолды еткен.
Күдіктілер ұрланған заттарын қоқыс қабына салғаны белгілі болды. Үйге келген соң олар тістеуіктің көмегімен киімдерден магниттік жапсырмаларын алып тастаған.
Заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951373-almatyda-urlangan-kiim-kesekti-qoqys-qapsygyna-salgan-kudiktiler-ustaldy-video/