Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Тағы екі өңір "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстанның екі өңірі - Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы хабарлады.

2022 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Түркістан облысы;
  • "жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.

Айта кетейік, 16 қаңтарда Қазақстанда тағы 11 524 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Қазір елімізде 77 474 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 986 пациент стационарда, 70 488 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

275 адамның жағдайы ауыр, 82 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 52 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951436-koronavirus-tagy-eki-onir-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel