Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші жартыжылдықта мектеп оқушылары мен студенттер қалай білім алады

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің мектептерінде үшінші тоқсан басталды, алайда коронавирус жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты оқушылар онлайн форматта білім алады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басшысы Гүлмира Кәрімова хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлмира Кәрімованың хабарлауынша, бүгін үшінші тоқсан басталды, ол 18 наурызға дейін жалғасады.

"Оқыту әртүрлі форматты өтеді. Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанда балалар қашықтан білім алады. Бүгінгі таңда техникалық құрал-жабдықтарды бөлу аяқталуда. Мектептердегі оқушылар саны 600-ден асатын басқа қалаларда да оқыту қашықтан жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, бұл мектептерде 1-2-сынып оқушылары жас ерекшеліктерін ескере отырып, штатты режимде оқитын болады. Біз бірінші сыныпта оқитын 6-7 жастағы балалардың сапалы білім алу үшін компьютер, платформаны өз бетінше қоса алмайтынын түсініп отырмыз", - деді ол.

Оның айтуынша, 3-5 сынып оқушылары кезекші топтарда білім алады деп шешім қабылданған. Басқа сыныпта оқитын балалар білімді қашықтан алатын болады.

"Ал оқушылар саны 600-ден аз мектептерде балалар штатты режимде оқиды. Ауыл мектептерінің бәрінде оқыту штатты режимде болады", - деді Каримова.

Өз кезегінде БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың хабарлауынша, еліміздегі ЖОО-ларда күзгі семестр 24 қаңтарда басталады.

"Университеттер каскадтық әдісті қолдана алады, яғни студенттердің жинақталуын барынша азайту үшін оқуды бастау оқу курсына/оқу бағыттарына қарай 24 қаңтардан 6 ақпанға дейін кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы мүмкін. Мәселен, егер 1 курс студенттерін оқыту 24 қаңтарда басталса, онда 2 курс – 31 қаңтардан бастап, 3-4 курстар 7 ақпаннан бастап оқиды", - деді ол.

Тойбаев сонымен қатар көктемгі семестрде оқыту дәстүрлі/аралас форматта, яғни дәрістер онлайн, ал практикалық және семинарлық сабақтар, зертханалық сабақтар офлайн режимде өтетінін атап өтті. Студенттердің практикасы да офлайн режиміндегі тәжірибелер негізінде жүзеге асырылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951520-ekinsi-zartyzyldyqta-mektep-oqusylary-men-studentter-qalai-bilim-alady/

pixel